Елдегі алғашқы атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.
«Ядролық қондырғы – Атом электр станциясын салу ауданын анықтау туралы шешім қабылдау: Алматы облысы, Жамбыл ауданы. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді», – делінген Үкімет қаулысында.
Айта кетсек, бұған дейін АЭС Балқаш көлі маңындағы Үлкен ауылына салынатыны айтылған болатын. Ол ауыл Жамбыл ауданына қарайды.