-12 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
-0.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
-0.7 C
Шымкент

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Черчесов қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың өз қызметінен кететінін хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының бүкіл жаттықтырушылар штабы да қызметінен кетеді.

Екі тараптың ортақ келісімімен еңбек келісімшарты тоқтатылғаны айтылды.

Еске сала кетейік, ресейлік бапкер Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылдың маусым айында басқарған болатын. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасы аясында 6 матч өткізіп, тек 1 ұпай жинады. Команда Норвегия құрамасымен тең ойнап, қалған бес матчта жеңіліс тапты. Жалпы голдар айырмашылығы 0-15 болды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар