Полиция қызметкері Тасқала ауылында әйелді көлікпен қағып өлтірді. Бұл туралы «Мой Город» басылымы жазды.
«Жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың 24 қаңтарында Тасқала ауылында болдған. Құқық қорғау органының қызметкері көлікті жүргізгені анықталды. Бұл ақпаратты ведомство растады, бірақ полиция қызметкерінің лауазымы мен жасына қатысты сұрақтарға жауап бермеді», — делінген хабарламада.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Mitsubishi маркалы көлік жүргізушісі артқа жүріп келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуші әйелді басып өткен.
«Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, жүргізуші мас болмаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады департамент баспасөз қызметі.
Ведомство оның оқиға болған күні жұмыстан босатылғанын атап өтті.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған.