Жаңаөзен қаласындағы мектепке дейінгі мекемеде жаппай улану жағдайы тіркелді.
«Lada.kz редакциясына Жаңаөзен тұрғындары хабарласып, мектепке дейінгі мекеменің 100 тәрбиеленушісі тамақтан уланғанын айтқан.
Кейбір балалар ауруханаға жеткізілген. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты ішінара растады. Олардың мәліметінше, медициналық мекемелерге бар болғаны 37 адам жүгінген.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту Қызылсай ауылының тұрғындарынан 31 қаңтар күні 20:13-те түскен. Барлығы 37 адам жедел жәрдем бригадасының тексеруінен өтті, олардың төртеуі — бір ересек адам мен үш бала ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем қабылдады.
Улану оқиғасы болған балабақша жабылып, тиісті органдар тексеріс жүргізе бастады.