8.8 C
Нур-Султан
10.9 C
Алматы
14.1 C
Шымкент
8.8 C
Нур-Султан
10.9 C
Алматы
14.1 C
Шымкент

Аудандық білім бөлімінің басшылары мен 8 бухгалтер сотталды

Сарыағаш аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшылары Б. Майриховқа, Н. Усипбековке, Д. Акатовқа және 8 бухгалтерге қатысты үкім шығарды. Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде аудару арқылы 550 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазаларға сотталды.

«Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады», — делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар