7 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
13.3 C
Шымкент
7 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

Әлнұр Ілияшев 5 тәулікке қамалды

Белсенді Әлнұр Ілияшев бес тәулікке қамалды. Оған «сот үкімін орындамағаны үшін» айып тағылды. 

Алматы әкімшілік соты  оның «қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысу құқығынан айырылғанын біле тұра», 1 сәуірде тіркелмеген «Халық парламентінің» жиынына қатысқанын мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы маусымда Әлнұр Ілияшев  «жалған ақпарат таратты» деген айыппен  бостандығы үш жылға шектелген болатын. Бұған белсендінің  билікті сынап жазған жазбасы себеп болды. Ілияшев істің саясиланғанын айтып, айыпты жоққа шығарды. 

Көп ұзамай полиция митингке қатысқандарды ұстай бастады. 13 сәуірде  Алматыда сайлау қорытындысына қарсы митингке қатысқаны үшін белсенді Асылбек Қараев 15 тәулікке қамауға алынды.

Одан бұрын Алматыда тағы бір белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталған болатын. 

Сондай-ақ, Мұхтар Тайжанның 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Ал Рысбек Сәрсенбайұлына митингке қатысқаны үшін 172 000 теңге айыппұл салынғаны хабарланды.

18 сәуірде адвокат Мұрат Адам мен кәсіпкер Санжар Боқаев Алматының әкімшілік сотына талап арыз беріп, 19 наурызда өткен Мәжіліс сайлауының заңсыздығы туралы мәлімдеді. Олар хаттамалардың көшірмесін беруді талап етті.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар