23 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
23.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
23.3 C
Шымкент

«Банктер ипотека тұрмақ, бөліп төлеуді де тоқтатуы мүмкін»: сарапшы Ұлттық банктің базалық ставкасына қатысты пікір білдірді

ҚР Ұлттық банкі экономикалық сарапшылар алдында не үшін базалық ставканың 16 пайызға дейін көтерілгеніне қатысты есептік кездесу өткізген. Бас банк өз позициясын барынша қорғанымен, бұл жолғы шешемдері жөнсіз, деп есептейді экономист Мақсат Халық.

«ҰР Ұлттық банкі негізі себеп инфляциялық күтілулердің өте жоғары болып кеткенін айтты. Одан кейін бас банк Ресейдегі мобилизация салдарынан көрші елден келген азаматтардың біздегі инфляциялық жағдайдың артып кетуіне ықпал етті деген мәліметтер келтірді. Осының бәрін ескере келе инфляцияны ауыздықтау үшін базалық ставканы бірден 150 базистік пунктіге бір-ақ көтердік деп айтып отыр.

Ал сарапшылар тарапынан неліктен бірден 1,5 пайызға көтерді? Неге 0,5 емес, бұл асығыстық болды деген сын айтылды.

Шындап қарасақ, бұл — үлкен өсім. Негізі 0,5 пайызға да көтеруге болатын еді. Америкадағы федералды резервтер жүйесі де өткен айда 0,75 базистік пунктіге бір-ақ көтерген. Қазіргі уақытта ол жақтағы доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесі 3,25 пайызды құрап отыр. Міне осындай әлемде агрессивті тұрғыда қатаңдатылған ақша-несие саясаты жүре бастағандықтан да теңгемізге қысым күшейді»,-деді Мақсат Халық.

Экономист енді банктер талаптарын өзгертуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Ұлттық банк өзінің позициясын барынша қорғап бақты. Бірақ, базалық көрсеткіштің ұлғаюы несиелердің пайызын арттырады. Бұл — бір. Екіншіден, іскерлік белсенділіктің азаюына ықпал етеді. Ертең банктердің бәрі тіпті бөліп төлеу арқылы беріп жүрген тауарлық несиені де доғаруы мүмкін. Тіпті кейбір банктер ипотекалық несиелерді де тоқтатуға дейін барады»,-деді сарапшы.
Айта кетейік, 10 айда елімізде базалық мөлшерлеме 5,75 пайызға өскен.

АЗАТТЫҚ РУХЫ

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар