4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент
4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент

ЛРТ құрылысының қашан аяқталатыны анықталды

Астана әкімі бүгінгі үкіметтің кеңейтілген отырысында LRT құрылысының алдағы екі жылда салынып бітетінін айтты.

Жеңіс Қасымбек бас қаланың 2030 жылға дейінгі жаңа бас жоспары әзірленетінін хабарлады. Қалада бірнеше инфрақұрылымдық жоба іске аспақ. Әкімнің айтуынша екі газ стансасы мен үшінші ЖЭО салынады.

Еске салсақ, жыл басында мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына тоқталды.

«LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын»,  – деді Тоқаев.

Ақпанда Астана әкімі LRT-ны келесі жылдың соңына дейін іске қосуға уәде берді.

Ал жуырда Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Astana LRT құрылысына қаржы қашан бөлінетінін айтты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар