8 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
8 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Әділеттің жолындағы тәуекел

Нұрқанат Жақыпбай, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында кезектен тыс президент сайлауы өтетінін хабарлаған кезде-ақ, өте дұрыс шешім ретінде бағаладым. Өйткені, ол кісі жыл басынан бері саяси реформалар бағытында көзқарасын ашық айтып, батылдық көрсетіп келеді.

Алдағы уақытта сайланатын президент 7 жылдың ішіне бүкіл жүйелі істерін, еңбегін сыйғызатын болады. Басшы – елге үлгі болатын адам, әсіресе жастар жағына. Мемлекетіміздің билігі қазіргідей қысылтаяң шақта көзқарасын ашық аңғартып, жеке-дара принципін байқалтып жүр. Әділдік үшін көптеген тәуекелге баруда. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді алыстан саралағаны анық. Әйтпесе өзінің 2 жылы бар болатын. 7 жылдық мерзімдегі сайлауды 2024 жылы да өткізуге мүмкіндік бар еді. Дегенмен қажеттілік туғанын түсініп, «не бел, не белбеу кетеді» деген ұстанымын көрсетті. Жан-жағымызда не болып жатқанын білеміз, қырғиқабақ елдер көбейді. Осындайда сырт көзге алақтамай, алаңдамай, саяси өзгерістерді жасап отырғаны – үлкен ерлік. Халық бастаушысына қарайды, іс-әрекетін бақылайды. Сол себепті ту ұстаған адамның әділдікті де ту еткені маңызды. Мемлекеттің бағыты айқындалып келеді. Келешекте осы істердің бәрі оң нәтиже беріп, елдің ризашылығын алатынына сенім мол. Ол үшін қазіргі жолымыздан жаңылмағанымыз абзал. Қазақстанның тура басып, тура жүріп, нық қадам жасап жатқаны қуантады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар