Ақтөбе облысында табиғи өрт қыркүйектің 4 күні кешкі уақытта шығыпты. Жергілікті тұрғындар 900 шаршы метр жердегі құрғақ шөп түгел жанып кеткен деп отыр. Оқиға орнына 48 өртсөндіруші, 30 су тасымалдайтын және өрт өшіретін көліктер жұмылдырылды. Жағдай алты сағаттан соң тұрақталып, табиғи өрт толығымен сөндірілді. Қаза болған немесе жарақат алған адамдар тіркелген жоқ.
Ал Шығыс Қазақстан облысында өрт Зырян орман шаруашылығындағы шөп пен бұталарды шарпыған. Таулы аймақ болғандықтан өртті сөндіру қиынға соғып отыр дейді мамандар. Өрт аумағы 167 гектарды құрайды. Сонымен қатар, өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылған белгілі болды. Әзірге өрттің толық ауыздықталғаны туралы хабар келген жоқ.