Қалың өрттен жапа шеккен қостанайлықтарға Қазақстанның әр өңірі гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Атап айтсақ, Шымкент қаласы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, СҚО-дағы «Аманат» партиясы 300 тоннадан аса тұрмысқа қажет дүниелерді жеткізген.