-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент

Feminita белсендісі Жанар Секербаева Алматыда айыппұл төлеуге міндеттелді

Feminita қозғалысының тағы бір белсендісі Жанар Секербаева әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Алматыда құқықтық тақырыптағы феминистік шара өткізгеннен кейін шамамен 400 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Гүлзадаға тағылған дәл сол бап. Маған қатысты әкімшілік іс қозғаған инспектор менің ұйым жетекшісі екенімді дәлелдей алмады. Алайда судья, Гүлзада жағдайындағыдай, біржақты көзқарас танытып, маған қарсы шешім шығарды», – деді Жанар Секербаева.

Бүгін сот Алматыда өткен феминистік кездесуден кейін полицияға түскен шағым бойынша Жанар Секербаеваның ісін қарады.

Оған «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, қызметі тыйым салынған қоғамдық бірлестіктердің жұмысына басшылық ету» бабы бойынша айып тағылды.

Сот Секербаеваға 100 АЕК (393,2 мың теңге) көлемінде айыппұл салды. 19 ақпанда дәл осындай айыппен феминистік қозғалыстың тағы бір белсендісі Гүлзада Сержанға да осындай айыппұл тағайындалған болатын.

Белсенділер өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Олар бұл істі «тапсырыспен ұйымдастырылған» деп атап, өздеріне жала жабылғанын айтты.

Еске сала кетейік, Алматыда бір топ әйел Feminita ұйымы өткізген құқық қорғау тақырыбындағы тренингті тоқтатты, ал ұйымдастырушылар – Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева көп ұзамай полиция бөліміне жеткізілді.

13 ақпанда КазТАГ-тың сұрауына жауап берген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Алматыда феминистік шара өткізген ұйымдастырушылардың полицияға тексеру үшін жеткізілгенін хабарлады. Департамент мәліметінше, жергілікті тұрғындардың бірі «102» пультіне шараның заңсыз өткізіліп жатқаны туралы хабар берген.

Кейін белгілі болғандай, Алматыдағы феминистік шараны ұйымдастырушыларға «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу» бабы бойынша айып тағылған.

фото: diapazon.kz

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар