Трамп бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленскийді «сайлаусыз диктатор» деп атаған еді. Алайда AFP тілшісі АҚШ президентінен Владимир Путинді диктатор деп санайсыз ба деп тікелей сұрады.
Бұл – Путинге қатысты кең таралған көзқарас (дегенмен Кремль оны жоққа шығарады), бірақ Трамп бұл сұраққа нақты жауап бермей, басын ала қашты. Оның орнына: «Менің ойымша, президент Путин мен президент Зеленский кездесуі керек. Өйткені білесіздер ме? Біз миллиондаған адамдардың өлімін тоқтатқымыз келеді», – деді.
Украинадағы соғыста қаза тапқандар саны туралы нақты деректер жоқ, бірақ оны зерттеп жүрген мамандар мен журналистер олардың саны миллиондап есептеледі деп айтқан емес. Алайда Трамп бұған дейін де «миллиондар» туралы сөз қозғаған.