-12 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент

Брюссельде «Қазақстан мен ЕО-ның Адам құқықтары жөніндегі отырысы өтті

2025 жылғы 6-7 наурызда Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалогы мен Сот төрелігі мен құқықтық тәртіп жөніндегі кіші комитеттің кезекті отырыстары өтті.

Қазақстандық тараптан бұл отырыстарға Бас прокуратура, Конституциялық сот, Сот әкімшілігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қаржылық мониторинг агенттіктері, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Әділет, Цифрлық даму, сондай-ақ Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияның басшысы – ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев аталған іс-шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті, өйткені адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының басты құндылығы.

Іс-шаралар барысында Ғ. Қойгелдиев Қазақстан Республикасында демократияны нығайту және адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйелеріндегі реформалар туралы айтты.

Тараптар әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтау, азаматтық қоғамды дамыту, азаптаудың алдын алу, заңсыз көші-қон, терроризм, есірткі қылмысы, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот-құқықтық реформалар және Қазақстанның еуропалық конвенцияларға қосылуы мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, қауымдастықтар бостандығы, сөз сөйлеу бостандығы, діни сенім және бейбіт жиналыстардың еркіндігі жөнінде пікір алмасты.

Отырыстардың қорытындысы бойынша Тараптар бірлескен қызметтің келесі қадамдарын белгіледі, сондай-ақ тиісті Хаттамаға қол қойды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар