-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Ұлытау облысында ұсталған азаматты азаптаған полицейлер кепілмен босатылды

Ұлытау облысында әкімшілік құқық бұзушыны жеткізу барысында азаптады деген полицейлер кепіл және ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

«Ұлытау облысының арнайы прокурорлары (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы) Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің (бұдан әрі — бөлім) қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушыны жеткізу барысында азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу барысында күдіктілерге кепіл және ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шаралары қолданылды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іске қатысушы тараптар ҚПК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс құжаттарымен таныстырылып, бұдан кейін қылмысқтық іс сотқа жолданатын болады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар