Қазақстанның тұңғыш президентінің отбасы ортасына жақын дереккөздің хабарлауынша, дәрігерлер тұңғыш президенттің алғашқы жұбайы Сара Алпысқызына көмектесе алмайды, себебі оның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Выход к правде телеграм арнасы хабарлады.
Өмірінің соңына қарай ол Назарбаевтар тегінен бас тартып, қыз күніндегі тегі – Қонақаеваға көшкен.
Сара Алпысқызы шын мәнінде бірінші ханым бола алған жоқ – Назарбаев өмірлік серігін көпшілікке көрсетуден қашқақтады. Мысалы, ол 2015 жылы Лондонда патшайым Елизаветамен кездесуге жұбайымен емес, сол кездегі Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған үлкен қызы Дариға Назарбаевамен барған.
Сара Алпысқызының көлеңкеде қалуының себебі кейін белгілі болды – Назарбаев бұл туралы өз кітабында жазды: «Президенттің де жүрегіне әмір жүрмейді – жүрек басқа біреуді таңдады», – деп түсіндірді ол.
Сара Қонақаева 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Назарбаевпен 1962 жылы отбасын құрды. Кейін халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын, «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорын құрып, Қазақстанның білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге атсалысты. Оның бастамасымен мектептерде өзін-өзі тану пәні енгізілген. Кейіннен Сара Алпысқызының бұл шығармашылық бастамасы тоқтатылды.