21 C
Нур-Султан
27 C
Алматы
33.3 C
Шымкент
21 C
Нур-Султан
27 C
Алматы
33.3 C
Шымкент

Мұғалімдер оқушылардың орнына тест тапсырмақ болған

Жамбыл облысында тестілеу комиссиясы академиялық адалдыққа қатысты заңбұзушылықтарды анықтады. Қордай ауданындағы екі мектеп көзге түсті.

Бір мектепте мұғалімдер тексерушінің аудиториядан қашан шығатынын білу үшін камера орнатылған телефон қойған. Сол сәттен бастап ересектер оқушыларға тест сұрақтарына жауап беруге қашықтан көмектесіп отырған.

Екінші мектепте компьютер «өзі тест тапсырған», яғни балаларға ешқандай күш салудың қажеті болмаған.

Комиссия екі мектептің директорына да тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Сондай-ақ, бұл іске жауапты қызметкерлер — бағдарламашы мен мұғалім — жазаға тартылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар