-9 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
7.3 C
Шымкент
-8 C
Нур-Султан
3 C
Алматы
7.3 C
Шымкент

Алматы әуежайында әйелді кепілге алған ер адам бұрын автобуста шабуыл жасағаны үшін сотталған

Алматы полициясы әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамның бұған дейін автобуста қызды ұрып-соғу ісі бойынша қылмыстық іске қатысы болғанын растады.

«Алматы қаласының полиция департаменті екі жағдайда да бір адамның қатысы барын растайды. Бұған дейін хабарланғандай, автобустағы оқиғадан кейін Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу кезінде сот оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2024 жылдың желтоқсанында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әуежайында белгісіз ер адам пышақпен бір адамды кепілге алып, қоқан-лоқы көрсеткен еді. Оны сол жерде болған азамат залалсыздандырды. Қарулы шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Залалсыздандырған азаматты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

2024 жылдың қарашасында Алматының 66 жастағы тұрғыны автобуста әйелді ұрып-соқты деген айыппен ұсталған.

Айта кетейік, оқиғаға байланысты полиция кезекті рет сынға ұшырады – азаматтар құқық қорғау органдарының қылмыскерді залалсыздандырудың орнына қарапайым адамдардың артында жасырынғанын айтып, 2024 жылдың қыркүйегінде мешітте намазханаларға пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен ер адамға қатысты оқиғаны еске салды.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар