17 C
Нур-Султан
28 C
Алматы
31.3 C
Шымкент
17 C
Нур-Султан
28 C
Алматы
31.3 C
Шымкент

Алматы облысында айып тұрағындағы жүк көліктер тоналды

Мемлекет пайдасына тәркіленуге жататын Volvo жүк көлігі тоналды және Mercedes автокөлігі жасырылды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Атап айтқанда жалпы құны 100 млн теңгеден астам тұратын «Volvo FH» маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған. Алайда сақтауда тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған.

Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды. Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын «Mercedes E350» маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған.

«Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті жасырып қойған. Анықталған бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды», — делінген хабарламада.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар