Кеше кешке полицияға «Манхэттен 3» тұрғын үй кешенінің кіреберісі маңынан жасөспірімнің денесі табылғаны туралы хабар түсті.
Белгілі болғандай, 2008 жылы туған марқұм осы үйдің ең жоғарғы – 10-қабатында тұрған және сол жерден секірген.
Отбасы ауқатты көрінеді. Әкесі – Жоғарғы Соттың судьясы, Жоғарғы Сот кеңесінің мүшесі екені айтылуда.
Расталмаған мәліметтер бойынша, тұрмыстық жанжал жасөспірімді осындай қадамға баруға итермелеген. Дегенмен, ешқандай қол көтеру фактісі болмаған.
Жасөспірім 10-сыныпта Binom мектебінде оқыған. Бұл мектеп тегін болғанымен, жоғары интеллектуалдық талаптар қояды және био- мен нанотехнологияларға бағытталған.
Отбасында бұдан бөлек тағы үш бала бар.
Полиция аталған жағдайды ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлімі – «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бойынша тергеп жатыр.