19 C
Нур-Султан
20 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
19 C
Нур-Султан
20 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

Алматыда бұрынғы полиция әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Алматыда бұрынғы полицей күдікті ретінде бірге тұратын әйелін өлтірді деген айып тағылып отыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бірге тұрып жатқан азаматтар арасында жанжал туындап, оның барысында ер адам әйелге пышақ жарақаттарын салған. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Осыдан кейін күдікті өзін-өзі өлтірмек болып, мойны мен ішіне пышақ сұққан», – делінген хабарламада.

Күдікті қылмыс орнында ұсталып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол күзетпен емделіп жатыр.

Мәлімет бойынша, күдікті бұған дейін Алматы облысының полиция департаментінде қызмет атқарған және теріс себептермен жұмыстан босатылған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар