-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент
-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент

Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыны ұрды

Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде мас күзетші алтыншы сынып оқушысын ұрғаны анықталды.

«Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тексеру басталды. 19 ақпанда мектептің күзетшісі мас күйінде алтыншы сынып оқушысының кеуде тұсына соққы жасаған. Салдарынан бала ауруханаға жүгінген», – деп хабарлады бейсенбі күні Павлодар облыстық полиция департаменті.

Күзетші медициналық айықтырғышқа жеткізілді. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін оған айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 2012 жылы туған балада кеуде қуысының жарақаты анықталған. Дежурлық травматолог дәрігер тексеріп, амбулаториялық ем қабылдайтыны хабарланды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар