-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент
-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент

Жетісу облысында күдікті 8,1 млн теңгенің аударымы бұғатталды

«Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментімен «Антифрод» жүйесі (Ұлттық Банк платформасы) арқылы интернет-алаяқтыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында 380 инцидент құрылды.

Нәтижесінде 300-ден астам «дроппердің» деректері анықталып, 8,1 млн теңге көлеміндегі ақша аударымдары бұғатталды.

Жәбірленушілерге ұрланған қаражатты қайтару үшін сотқа талап арыз беру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тек 2025 жылдың қаңтар айында «дропперлерге» қатысты негізсіз байыту фактісі бойынша сотқа 18 талап арыз беріліп, оның 12-сі (23,8 млн теңге сомасында) қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.

Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 11 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Сонымен қатар, қылмыстық іс шеңберінде 11 жәбірленушінің 27 млн теңге сомасындағы несиелері бойынша төлемдер мен есептеулер уақытша тоқтатылды.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға және интернет-алаяқтардың айла-амалдарына алданып қалмауға шақырады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар