-9 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент

Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамыз. Таразда жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері сотталды

Екі алаяқ Ұлыбританиядағы фермаларға жұмысқа орналастыру үшін құжаттар мен виза рәсімдеп береміз деп уәде берген.

2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін күдіктілер 76 адамды алдап, 31 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған. Жәбірленушілердің ешқайсысы уәде етілген жұмыс орындарын ала алмаған.

«Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оларға үш жылға дейін кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда жұмыспен қамтуға байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды», — делінген сот хабарламасында.

Бір жағдайда сот айғақтардың жеткіліксіздігіне байланысты айыпталушыларды ақтап шыққан, ал тағы он азаматтық талап арыз қанағаттандырылмаған.

Қалған 66 жәбірленушіге алаяқтар жымқырған қаражаттарын қайтаруға міндеттелді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар