Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) шетелге шыққан ресейліктердің статистикасын жариялады.
Мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Ресей азаматтары үшін ең танымал елдер қатарында үшінші орынды иеленіп отыр. Тек Түркия мен Абхазия ғана Қазақстаннан озып тұр. 2024 жылы ресейліктер Қазақстанға жалпы 2,8 миллион сапар жасаған.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Ресей азаматтары үшін бірнеше себепке байланысты тартымды елге айналған:
▪️ Іскерлік туризм. 2024 жылы Қазақстанға жасалған сапарлардың шамамен 40%-ы іскерлік мақсатта болған.
▪️ Демалыс және емделу. 2024 жылы Ресейден Қазақстанға демалу және емделу үшін жасалған сапарлар саны 800 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылдағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 25%-ға көп.
▪️ Туыстар мен достарға бару. 2024 жылы Қазақстанға жасалған сапарлардың шамамен 35%-ы қонаққа бару мақсатында жүзеге асқан.
▪️ Білім алу. 2024 жылы Қазақстанда білім алып жатқан ресейлік студенттер саны 17%-ға артқан.
▪️ Сауда-саттық. Қазақстанның Ресеймен шекаралас өңірлеріндегі қалалар шопинг үшін танымал орындарға айналды. Мұнда тиімді бағамен тауарлар табуға болады, бұл көршілес аймақтардан келетін сатып алушыларды қызықтырады.