-2 C
Нур-Султан
-9.1 C
Алматы
-1.7 C
Шымкент
-2 C
Нур-Султан
-9.1 C
Алматы
-1.7 C
Шымкент

Ильхам Әлиев Ресейге қандай талап қойғанын мәлімдеді

Ақтауда болған ұшақ апатына қатысты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресейге қандай талап қойғанын мәлімдеді.

Біз Ресей тарапына өз талаптарымызды ашық айттық.

 

ӘЗІРТАЖ хабарлағандай, бұл туралы Президент Ильхам Әлиев Әзірбайжан теледидарына берген сұхбатында мәлімдеді.

Әлиев 27 желтоқсанда Әзербайжанның талаптары Ресей тарапына ресми түрде жеткізілгенін атап өтті.

«Біріншіден, Ресей тарапы Әзірбайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, өз кінәсін мойындау керек. Үшіншіден, кінәлілер жазалануы, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы және Әзірбайжан мемлекетіне, зардап шеккен жолаушылар мен экипаж мүшелеріне өтемақы төленуі керек. Бұл біздің шарттарымыз. Олардың біріншісі кеше орындалды. Біздің басқа шарттарымыз да қабылданады деп үміттенемін. Бұл шарттардың барлығы әділ. Ешқандай төтенше талаптар немесе сұрақтар жоқ, бұл халықаралық тәжірибеге және адами принциптерге негізделген», — деді Әлиев.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар