-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент
-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент

СҚО-да көпбалалы отбасы тұрған жеке үйде өрт болды. Қайтыс болғандар бар

Солтүстік Қазақстан облысы, Ступинка ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Өрт салдарынан отбасының бірнеше мүшесі қайтыс болды. Деректер нақтылануда. Белгілісі, үйде әкесі мен төрт баласы тұрған.

Өрт туралы хабар түнде 112 нөміріне түскен. Өрт сөндірушілер келген сәтте үйді толықтай жалын шарпыған.

«Болжам бойынша 104 шаршы метр өртенген. Газ баллонының жарылуы салдарынан үйдің шатыры мен төбе жабындылары құлаған. Оқиға орнында ТЖД бастығы, полковник Жомарт Аскаров жұмыс істеуде», — деп түсіндірді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, үш адамның қайтыс болғаны белгілі, олардың тұлғасы анықталуда.

Өрт болған үйде әкесі мен төрт баласы тұрған. Тағы бір ұлы Петропавлдағы колледжде оқиды.

Анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған, ал әкесі балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп, шаруа қожалығында жұмыс істеп келген.

Өртті сөндіру жұмыстарына қатты жел мен −25 °C аяз кедергі келтірген. ТЖД қызметкерлері бірнеше ай бұрын Ступинкадағы тұрғын үйлерді аралап, тексеріс жүргізгендерін атап өтті. Қайғылы оқиғаның себебі анықталуда.

Жуырда Қостанай облысында Жітіқара тұрғынына балалардың өлімімен аяқталған сұмдық өртке байланысты үкім шығарылған еді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар