-6 C
Нур-Султан
-11.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент
-6 C
Нур-Султан
-11.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы жер сілкінісі құрбандарына көңіл айтты

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Сицзан автономиялық ауданына қарасты Шигадзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғаны туралы хабарды үлкен күйзеліспен қабылдады», – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан ҚХР төрағасына, қаза тапқандардың отбасыларына және достас қытай халқына шынайы көңіл айтып, зардап шеккендерге тез сауығып кетуін тіледі.

Жер сілкінісі салдарынан болған шығындар

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Сицзан (Тибет автономиялық ауданы) аумағында орын алған жер сілкінісі салдарынан 53 адам қаза тауып, 62 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Магнитудасы 6,8 балды құраған жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Шигадзе қаласындағы Динжи (Тингри) уезінде орын алған.

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі жергілікті жедел штабтың мәліметінше, 1 000-нан астам ғимаратқа зақым келген.

Қытайдың әрекеті

Қытайдың сейсмологиялық басқармасы 2-деңгейлі төтенше жағдай режимін іске қосып, табиғи апаттың салдарын жоюға көмек көрсету үшін жер сілкінісі болған аймаққа жұмыс тобын жіберді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар