15 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
15 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

СССР-ды сатып кеткен КГБ тыңшысы көз жұмды

Британияда ХХ ғасырдың ең танымал тыңшыларының бірі қайтыс болды. Бұл КСРО-ны сатып кеткен КГБ полковнигі Олег Гордиевский.

КГБ-ның бұрынғы агенті, Ұлыбританияға қашып кеткен Гордиевский 87 жасында қайтыс болды. Өлімінің себептері хабарланған жоқ. КГБ полковнигі Олег Гордиевский кемінде 11 жыл бойы британдық MI-6 барлау қызметіне жұмыс істеген.

Олег Гордиевский 1938 жылы 10 қазанда Мәскеуде дүниеге келген. Оның әкесі Антон Гордиевский революцияға дейін Челябі мұғалімдер семинариясын бітіріп, шіркеу хорының жетекшісі болған. Алайда большевиктер билікке келгеннен кейін тағдырын күрт өзгертіп, чекист болып кеткен, ал ұлы дүниеге келген кезде подполковник шеніне жеткен. Анасы Ольга Горнова Шымкентте туған және Мәскеу экономикалық институтының дипломын алған.

Оның әшкереленуі мен қашуы – кеңестік арнайы қызметтердің ең үлкен сәтсіздіктерінің бірі болып саналады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар