Оқиға елорданың Сарыарқа ауданында орын алды. 1983 жылы туған әйел адамның қолы қамыр илейтін аппаратта қыстырылып қалып, қолын өздігінен шығара алмаған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен аз уақыттың ішінде зардап шеккен жұмысшының қолын босатып, оны жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырды.