-7 C
Нур-Султан
4 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
-7 C
Нур-Султан
4 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды.

Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында «А» есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.

Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар