11 ақпан таңертең «Green Recycle» ЖШС қоқыс өңдеу кәсіпорнында қалдықтарды сұрыптау кезінде қызметкерлер әйел адамның бөлшектелген денесіне тап болды. Бұл туралы «Криминальный Қазахстан» телеграм арнасы хабарлады.
Белгілі болғандай, марқұм – 1989 жылы туған Алматы тұрғыны.
Тергеу деректеріне сәйкес, қайғылы оқиға 9 ақпанда Әлмерек шағын ауданындағы жалдамалы үйлердің бірінде болған. Әйел мен оның 1983 жылы туған бірге тұратын ер адамы алкоголь ішіп отырғанда араларында жанжал шыққан. Ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, кейін оның денесін бөлшектеп, қоқыс контейнеріне тастаған.
Күдікті ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.