Қант бағасы жеті апта қатарынан өсіп келеді, деп хабарлады «Бірінші кредиттік бюро».
25 ақпан мен 4 наурыз аралығында құмшекердің бағасы 1,4%-ға көтерілді. Мұндай көрсеткіш сирек кездеседі. Соңғы рет осындай өсім 2024 жылдың сәуірінде тіркелген.
Ең жоғары қымбаттау Өскемен, Павлодар және Петропавл қалаларында байқалды – 3,4%.
«Қазақстанда сатылатын тазартылған қанттың көп бөлігі шетелден, негізінен Ресейден әкелінеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, елдегі қант ресурстарындағы отандық өнімнің үлесі – 26%. Бұл көрсеткішке көлеңкелі импорт есепке алынбай отыр», – деп атап өтті сарапшылар.