-7 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
9.3 C
Шымкент
-7 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
9.3 C
Шымкент

2025 жылы «Рамазан айы» 1 наурыз бен 29 наурыз аралығында өтеді

«Ораза айт» мерекесі 30 наурыз күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 29 күнге созылады.

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы 15 мешіт қызмет атқарады.

Қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, Рамазан айы күндері діни өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тәулік бойы «109» Call-center арқылы ақпарат алуға болатындығын ескеркім келеді.

Қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, тиісті мемлекеттік органдар Рамазан айы кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауға ерекше көңіл бөледі. Қауіпсіздік шаралары мешіттер мен басқа да көпшілік жиналатын орындарда күшейтіліп, тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай жасау қамтамасыз етіледі.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар