Астананың орталығында ер адам басынан оқ тиіп қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды, қылмыс қаруы тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасындағы жанжал кезінде болған. Кикілжің барысында күдікті марқұмның басына оқ атқан», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Астана полициясы жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондай-ақ азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», – деп қосты полиция департаменті.