«S» ЖШС 1,3 млрд теңге салық міндеттемелерін төлемеу үшін сотта даулауға тырысты.
Облыс соттары талап қоюды қанағаттандырып, салық органының бюджетке қосымша құн салығын өндіріп алу туралы әрекетін заңсыз деп таныды.
Алайда, Алматы облыстық прокуратурасының өтінішхаты бойынша бұл жалтару әрекеті Жоғарғы Сотта тоқтатылды.
Қазіргі таңда компанияның бюджетке берешегін өтеу бойынша шаралар қабылдануда.
Мемлекет мүддесін қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі.