2 C
Нур-Султан
6 C
Алматы
11.3 C
Шымкент
2 C
Нур-Султан
6 C
Алматы
11.3 C
Шымкент

Қазақстан былтыр 16 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаған

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Жиында астық экспорты мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2024 жылы экспорттың жалпы көлемі 8,1 млн тоннаны құрады. 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың 18 наурызына дейін Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан), Қытай, Ауғанстан және Еуропа елдеріне 6,3 млн тонна жаңа өнім экспортталды (өсім 53%). Оның ішінде Иранға сәйкес кезеңде 741 мың тонна (17 есе өсті), Әзербайжанға – 408 мың тонна өнім жөнелтілді. Айта кету керек, бұл қазақстандық астықты Әзербайжанға жеткізудің соңғы 5 жылдағы ең жоғары көлемі. 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың ақпанына дейін астық тасымалы небәрі 4 мың тоннаны құрады.

Талқылаудың басты тақырыбы – ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Россельхознадзор және басқа елдермен екіжақты өзара іс-қимыл нәтижесінде, Қазақстанның бірқатар өңірінен аусыл және құс тұмауы бойынша шектеулер алынып тасталды.

Кеңес соңында Серік Жұманғарин бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша экспорттық-импорттық операцияларға шектеулерді алып тастау және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін экспорттың жаңа бағыттарын пысықтау жұмыстарын жеделдету үшін қытай тарапымен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар