-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент
-15 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
5.3 C
Шымкент

Бектенов қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Отырыста Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.

«Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз»,— деп атап өтті Премьер-министр.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар