-3 C
Нур-Султан
8 C
Алматы
12.3 C
Шымкент
-3 C
Нур-Султан
8 C
Алматы
12.3 C
Шымкент

Алматыда «орыстар туралы» ән айтқан адам 10 күнге қамалды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белсенді Мария Кочневаны 10 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды Азаттық. Кочневаның қаладағы рэп-фристайлда «Йоу, орыстар» әнін айтқан видеосы желіде тарап кеткеннен кейін оны полиция басқармасына шақырған еді.

Кочнева соттан кейін Азаттыққа берген пікірінде шешімге келіспейтінін, шағым түсіретінін айтты.

– Мұны Ресей азаматтарына бізде заң жұмыс істейтінін көрсету үшін істеді. Заңсыз шешім шығарды. Жазалайтын болса, онда [рэп-фристайлға] қатысқандардың бәрін жазаға тартсын. Сот менің осыған дейін өкінгенімді ескермеді, – деді Мария Кочнева.

Алматының полиция департаменті «әлеуметтік желілерге жасалған мониторинг барысында белсенді қоғамдық орында балағат сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасағанын» анықтаған. Кочнева орындаған әнде балағат сөздер бар. Полиция «тексеру жүріп жатыр, заңға сәйкес шара қабылданады» деп хабарлаған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар