21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

Камала Харрис демократтар атынан АҚШ президенттігіне ресми үміткер

Президент Джо Байден президент сайлауына түсуден бас тартқаннан кейін көп ұзамай вице-президент Камала Харрис оның қолдауын қабыл алып, қарашада өтетін сайлауға Демократиялық партиядан үміткер болатынын мәлімдеді, деп жазады NBC News.

— Президенттің қолдауына ие болғанымды мақтан етемін және жеңіске жету үшін бар күшімді саламын. Сондай-ақ, демократиялық партияны және елімізді біріктіру үшін, Дональд Трампты және оның «2025 жоба» бағдарламасын жеңу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, — деді Камала Харрис.

Камала Деви Харрис 1964 жылы 20 қазанда Калифорния штатының Окленд қаласында дүниеге келген.

Әкесі — түбі ямайкалық, Стэнфорд университетінде сабақ берген, ал анасы — үнді дипломатының қызы, қатерлі ісік ауруын зерттеуші болған.

Сіңлісі Майя — мемлекеттік саясаткер. 2014 жылы адвокат Дуглас Эмхоффқа тұрмысқа шыққан.

К. Харрис Говард университетін (1986) және Гастингстегі Калифорния университетінің заң колледжін (1989) бітірді.

Алғашқы еңбек жолын Калифорния штатының Аламеда округінде бастады. 2003 жылы Сан-Франциско округінің прокуроры, ал 2011-2017 жылдары Калифорнияның Бас прокуроры болып сайланды.

К.Харрис 2020 жылы Демократиялық партиядан президенттікке үміткер ретінде ұсынылды, бірақ праймеризге дейін жарыстан бас тартты, Дж.Байден оны өзінің серіктесі етіп таңдап, олардың кандидатурасы 2020 жылғы сайлауда жеңіске жетті.

2021 жылдан бастап президент Джо Байден тұсындағы АҚШ-тың қазіргі вице-президенті. Вице-президент ретінде К.Харрис оңтүстік шекарадағы көші-қон, дауыс беру құқығы және түсік тастау сияқты мәселелермен айналысты.

Ол Трамптың қайта сайлануы әйелдердің түсік жасатуға қол жеткізуін одан әрі шектейтінін ескертіп, сайлауалды науқанға белсенді қатысты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар