-9 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент

Алматыда ұзақ салынған ірі құрылыс бұзылып жатыр

Алматыда Әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Меңдіқұлов бульварының батысында орналасқан көпдеңгейлі паркингті бұзу басталды.

Нысандағы құрылыс жұмыстары 2009 жылы тоқтатылған, ал 2015 жылы жер телімін жалға алу құқығы жойылған болатын. «Сейсмостройзащита» ЖШС сарапшылары нысанның көтеруші құрылымдарын апатты деп танып, оны бұзуды ұсынған.

2018 жылғы 25 сәуірде сот шешімімен нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды.

Бүгін құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталып, ол соңғы күндері Медеу ауданында бұзылған екінші нысанға айналды. Бірер күн бұрын Радлов көшесіндегі заңсыз ғимаратты бұзу басталды.

2023 жылдың басынан бері қалада әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен «Мечта», KHAN және басқа да заңсыз салынған 65 нысан сүрілді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар