-11 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-11 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалім ісіне Ұранқаев жауапты ма?

Семей қаласында шырша құру кезінде Nº49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қуат Айтқалиев биіктен құлап, жарақат алған. Қазір мұғалім ауруханада.

Осы жағдайға байланысты Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранқаев шұғыл жиналысып өткізіп, білім басқармасына ішкі тексеру өткізуді және денсаулық басқармасына мұғалімнің жағдайын бақылауда ұстауды тапсырған. Жиналыс қортындысында білім басқармасының басшысы қызметінен алынып, үш мектептің директорына ескерту берілген.

Белгілі болғандай, Семейдегі үш мектептің мұғалімдері жаңа жылдық шырша құру жұмысына заңсыз тартылған. «Педагог мәртебесі» туралы заң бойынша ұстаздарды өз қызметтеріне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға тыйым салынған. Ал Абай облысында заң талабы өрескел бұзылып қана қоймай, Қуат Айтқалиевтің өміріне қауіп төндіріп тұр. Мұндай жағдайда облысы әкімі де аймақтағы білім саласына қатысты жауап беруі тиіс.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар