Қыркүйектің 21-нен басталған «Архив және болашақ ұрпақ» атты жаңа жоба аясында оқушылар мен студенттер мұрағаттағы осы күнге дейін құпия болған құжаттар мен тарихи деректермен таныса алады. Бұрын Қазақстандық азаматтардың қолы жетпеген саяси репрессия құрбандары туралы, аштық жылдары жайында материалдарды кез келген тәлімгердің зерттеуге мүмкіндігі болады. Осылай деп жобаны жасаушы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.