Әлеуметтік желіде балаларды лифтіге кіргізіп алып тепкілеген ер адамның видеосы тарады.
Видеодан ер адамның жан-жағына қарап, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген соң лифтідегі балаларды ұрып-соғып жатқанын көруге болады.
Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған.
Алматы полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсінік беріп, ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адамның кім екені анықталды, ол полиция учаскесіне жеткізілді. Заң бойынша оның әрекетіне баға беріледі. Өзге де фактілер анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.