23 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
23.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
23.3 C
Шымкент

Қорғаныс министрлігін сынаған ерлі-зайыпты журналист қамауға алынды

 Алматыда Полиция ерлі-зайыпты журналисттер -Владимир мен Наргиз Северныйды ұстады. Бұл жөнінде олардың осы оқиғаға куә болған ұлы Ратмир мәлімдеді.

«Кеше кешкі сағат жетіде Dostyk Plaza сауда орталығында ата-анамды менің және бауырларымның көзінше ұстап әкетті. Оларды формадағы бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті», – деді журналистердің ұлы Ратмир Михаил Козачковтың Telegram-каналында жарияланған бейнеүндеуінде.

 

БАҚ болжамынша, Северныйлар Қорғаныс министрлігіне қатысты сыни жарияланымдарына байланысты қамауға алынған болуы мүмкін.

Ал полиция олардың адам бопсалады деген күдікке ілінгенін мәлім етті.

“Жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар