10 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
10 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

ПОЛИЦИЯ ҰСТАҒАНДА МАС БОЛҒАН ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАДАН ӨТКЕНДЕ САУ БОП ШЫҚТЫ

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімінің орынбасары кафеден ішімдік ішіп, рульге отырғаны үшін жол полиция қызметкерлері тоқтатқан. Әлеуметтік желіде әкім орынбасары сөйлегенде спирттің иісі шығып тұрғаны айтылатын видео мен фотолар тарады.  Алайда, шенеунік «бәке» деген танысына хабарласып, көмек сұраған. Артынша, аудандық ауруханадағы медициналық сараптама әкім орынбасарының сау екені туралы анықтама беріпті. Журналистердің болған инцидент туралы сұрағына әкім орынбасары жауап берді: 

«Иә, мен түн ортасында кафеге барғанымды мойындаймын. Бірақ ішімдікті аузыма алмадым. Үйіме қайтататын жолымда полиция қызметкерлері тоқтатып, құжаттарымды көрсетуді сұрады. Мен үйімде ұмытып кеткенімді айтып, әжетханаға баруға рұқсат сұрадым. Бірақ жол полиция қызметкерлері маған рұқсат бермеді. Оларға қатты ренжідім. Бір ауданның тұрғындарымыз, осы жерде жұмыс істейтін болғандықтан түсінбегені қынжылтты. Содан кейін ауруханаға барып, тексерістен өттім. Ешқандай ішімдік ішкенімнің белгісі табылмады«

Сол түні «бәке» деген қандай танысыңыздан көмек сұрадыңыз деген сұраққа шенеунік есімде жоқ деп жауап берді. 

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар