Оразалин кетіп, Тоғжанов барды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды. Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.