13 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
13 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС. ТОҚАЕВ ТАҢДАУЫ КІМГЕ ТҮСТІ?

Мемлекет басшысы Конституциялық сот төрағасының орынбасарын ауыстырды. Таңдау Конституциялық Соттың судьясы Бақыт Нұрмұхановқа түсті.

Тағайындалған кадр туралы қысқаша ақпарат:

Бақыт Маратұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастайды. 2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, төрағаның кеңесшісі. 2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократия үшін» Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарған.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс жасаған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар