«Жеті жыл бұрын әкем екеуімізді соттатқан бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин. Назарбаев қолдаған болу керек». Кеше орда басылымы ұйымдастырған мәжіліс кандидаттары қатысқан дебатта журналист Әсет Матаев осылай бірнеше рет мәлімдеді. Нұрлан Нығматуллин қазір ешқандай лауазымды қызмет атқармайды. Оны танитындар бұрынғы шенеуніктің Қазақстанда тұрмайтынын хабарлады. Алайда, Матаевтар Нығматуллинді бірнеше рет жариялы түрде айыптағанмен оның үстінен іс қозғалған жоқ. 

Журналист Матаевтарды, яғни әкесі мен баласын  2016 жылы қазанның үші күні  Астананың Есіл аудандық соты қаржы жымқырды, салықтан жалтарды деген айыппен алты жылғы, және бес жылға соттаған болатын. Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне жүз алпыс тоғыз миллион теңге, «Қазақтелеком» компаниясына жүз қырық миллион теңге қайтаруы тиіс болды.Сот отырысы кезінде Сейітқазы Матаев істің тапсырыспен жасалып отыр деп санайтынын мәлімдеген. Бұл айыпқа Нұрлан Нығматуллин ешқандай жауап берген жоқ. 

2022 жылы 19 шілдеде Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды Астана қалалық соты бұрынғы шешімнің күшін жойды.