18 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
18 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

Қоғамдық орындарда балағат сөйлегендерге 69 мың теңге айыппұл салынады

Ішкі істер министрлігі биыл наурыз айынан бастап қоғамдық орындарда балағат сөйлегендерге 69 мың теңге айыппұл салынатынын немесе 30 тәулікке қамауға алынатынын хабарлады.

«Бүгінге дейін ұсақ бұзақылығы үшін 17 мың теңгеден сәл астам айыппұл салынатын немесе 15 тәулікке қамалатын. Жаңа редакция бойынша 69 мың теңге айыппұл салынады немесе 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін қамауға алынады», — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің өкілі Азамат Құрымбаев.

Сондай-ақ, былтыр Астана мәслихатының депутаттары көшеде түкіргендерге айыппұлды көбейтуді ұсынған. Бұл ұсынысты денсаулық сақтау министрі де қолдап, қоғамдық талқылауға шығару керектігін айтқан болатын.

Естеріңізде болса, былтыр мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың Екібастұз қаласында тікелей эфирде сөйлеп тұрған кезінде жерге түкіргенін қоғам қатты сынған алды. Көп ұзамай, депутат кешірім сұрап, 7657 теңге айыппұл төледі.

Қазақстанда көшеде түкіргені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша бес айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл салынады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар